jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында жеке тұрғын үйден бір отбасының төрт адамының денесі табылды

    Ауылдағы жеке тұрғын үй
    Ауылдағы жеке тұрғын үй. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматы облысындағы шаруа қожалығының аумағынан бір отбасының төрт адамының денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауылдық округінің әкімдігінен Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығының аумағында болған оқиға туралы ақпарат келіп түскен.

    "Туысы жеке тұрғын үйден төрт адамның денесін тапты. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

    Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері

    Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары барған.

    Алматы облысында жеке тұрғын үйден бір отбасының төрт адамының денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.