Ақтөбе қаласындағы жеке үйде бір әйел мен үш бала көз жұмды
Опубликовано:
Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен бір әйел мен кәмелетке толмаған үш баланың денесі табылған, деп хабарлайды Ақтөбе олысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болуы мүмкін. Яғни марқұмдар табиғи газдан улануы ықтимал. Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Ақтөбе облысының әкімі тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу амалдарын бастаған.
"Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2341275-aqtobe-qalasynda-anasy-men-ush-balasy-koz-zhumdy/