jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте пәтерден үш адамның денесі табылды

    жедел жәрдем қызметі
    Жедел жәрдем қызметі. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкенттің Восток ауданындағы пәтерден бір отбасының үш мүшесінің денесі табылды. Олар табиғи газдан уланған болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Otyrar.

    Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше жағдайлар қызметіне марқұмдардың көршілері хабарласқан.

    "8 ақпанда сағат 16:36-да 112 жедел жәрдем қызметіне бір пәтердің тұрғындары байланысқа шықпай жатқаны және есік ашылмағанына көп уақыт өткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқару тобы жіберілді. Есікті ашқаннан кейін құтқарушылар пәтерден үш адамның денесін тапты. Тиісті орган қызметкерлер шақырылдыә, - дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Қайғылы жағдай табиғи газдан уланудан болуы мүмкін деген болжам бар. Қылмыстық әрекеттердің ешбір белгісі табылған жоқ.

    Шымкентте пәтерден үш адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.