jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбедегі жеке үйден бір әйел мен үш баланың денесі табылды: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

    Оқиға болған жер
    Оқиға орнынан кадр: КТК телернасы

    Кеше, 10 ақпанда Ақтөбеде бір үйде келіншек пен үш бала көз жұмғаны белгілі болды. Оларды мектепке бармағанына бірнеше күн болған қыз баланың мұғалімі тапқан, деп хабарлайды КТК.

    Телеарна тілшісінің полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, отбасы үйді жалға алып тұрған.

    5-сыныптағы қызы бір апта бойы сабаққа бармаған. Сол себепті мектеп басшылары мен мұғалімдер осы шаңыраққа бірнеше рет келген. Соңғы рет өткен аптаның ортасында телефонмен бір рет байланысқа шыққаны хабарланды.

    Телеарна мәліметінше, оОсы апта тағы да бала сабаққа келмеген соң, мектеп директорының орынбасары үйді жалға беріп отырғандарды шақыртып, терезені бұзып ішке кірген. 33 жастағы келіншек пен үш баланың денесі сол кезде табылған. Оқушыдан бөлек, 6 және 3 жастағы баласы да көз жұмған. Денелері иістене бастаған.

    "Өткен дүйсенбіден бері үйіне бірнеше рет бардық. Мектеп директоры, психолог, әлеуметтік педагог барып, үйінің есігін аша алмай қайтты. Ақыры тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасар бүгін үйді жалға бергендерге хабарласып, терезесін бұзып кіруге мәжбүр болды. Сұмдық жағдай. 5-сыныпта оқитын қыз бала алғыр, тәртіпті болатын", - дейді №22 мектеп директорының орынбасары Айнагүл Тастемірова.

    Дереккөз: КТК

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен бір әйел мен кәмелетке толмаған үш баланың денесі табылғанын хабарлағанбыз.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болуы мүмкін. Яғни марқұмдар табиғи газдан улануы ықтимал. Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

    Ақтөбедегі жеке үйден бір әйел мен үш баланың денесі табылды: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.