jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте үстіне ағаш құлаған бала мерт болды: әкімдік мәлімдеме жасады

    Баланың үстіне құлаған ағаш бұтағы
    Баланың үстіне құлаған ағаш бұтағы: Куәгерлер ұсынған фото Otyrar.tv

    Шымкент әкімдігі үстіне ағаш құлап, қайтыс болған баланың жақындарына көңіл айтты. Қайғылы оқиғаға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған.

    "Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

    Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі.

    Қала тұрғындарын ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған хабарламада.

    Otyrar телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 11 ақпанда Шымкенттегі 11-ықшам аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

    Куәгерлердің сөзінше, 10 жасар баланың шекесіне сынған ағаш тиген. Оқыс жағдайды алғаш болып аула тазалаушылар байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған. Артынша полиция қызметкерлері келген. Бала оқиға орнында көз жұмған, келген медицина қызметкерлері оның өлімін тіркеген.

    Куәгерлердің айтуынша, бала сол маңдағы үйлердің бірінде отбасымен бірге тұрады. 4-сынып оқушысы болған.

    Телеарнаның дерегінше, Шымкентте 11 ақпанға қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан.

    Шымкентте үстіне ағаш құлаған бала мерт болды: әкімдік мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.