jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Қапшағай тұрғыны «Шошқалы сай» шатқалында 17 келі марихуанамен ұсталды

    : UGC

    Полиция аса ірі көлемде есірткі өсімдіктерін заңсыз жинап, сақтады деген күдікпен 44 жастағы Қапшағай тұрғынын ұстады. Бұл туралы Қазақпарат құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы облысы ІІД хабарлауынша, күдікті Қапшағай маңындағы «Шошқалы сай» шатқалында ұсталған.

    Күдіктіні «Көкнәр-2016» операциясын жүргізген облыстық есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Тәртіп сақшылары оның сөмкесінен 17 келі 386 грамм марихуана тапқан.

    Күдіктінің аты-жөнін анықтау барысында, оның бұрын да есірткімен істі болғаны белгілі болды.

    Қазір Қапшағай қалалық ІІБ қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге «өз тұрағын хабарлап тұруға міндеттеу» шарасы тағайындалды.

    Жыл басынан бері аймақтағы полицияның араласуымен, 1 тоннадан астам түрлі есірткі заңсыз айналымнан шығарылды, оның ішінде 3,6 келі героин және 30 келі гашиш бар.

    Тағы оқыңыздар:

    Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

    Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

    Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

    Астанада 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

    Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

    Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

    Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

    Қапшағай тұрғыны «Шошқалы сай» шатқалында 17 келі марихуанамен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.