RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алматыда 12 күн бойы зорлық көрген қыздың анасы сұмдық жайттың бетін ашты (видео)

Жарияланған күні:

Алматыда 12 күн бойы табылмаған жасөспірім қыздың анасы Нұрлыхан Рахимова сұмдық жайттардың бетін ашып, видеоүндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда 12 күн табылмаған жеткіншектің анасы сұмдық жайттардың бетін ашты (видео)
Алматыда 12 күн табылмаған жеткіншектің анасы сұмдық жайттардың бетін ашты (видео): UGC
"Бұзақылардың кесірінен және Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің немқұрайлылығынан мен Нұрлыхан Рахимова және менің қызым Әйгерім Рысбек биыл 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін қайғымен қарсы алуға мәжбүр болып отырмыз.

Олай дейтініміз, биыл 23 ақпан күні сағат 14 00 шамасында менің 15 жасар қызымды Сабиров Назым есімді жігіт ұрлап алып кеткен. Біз отбасымызбен, әулетімізбен Айгерімді 3 күн бойы іздедік. Өз бетімізбен таппаған соң құқық қорғау органдарына шағымдандық.

Құқық қорғау органдары бұл жағдайға немқұрайлы қарап, жоғалған қызымызды 12 күн бойы таппады. Амалдың жоқтығынан біз БАҚ-қа шағымдануға мәжбүр болдық. Бұл оқиғаға қатысты бірнеше республикалық арналардан материал шыққаннан кейін ғана құқық қорғау органдары қозғала бастады.

Осылайша арада 12 күн өткенде ғана ІІБ қызметкерлері қызымды тапты. Белгілі болғандай, қызым Әйгерім Рысбекті бұзақылар әбден азаптап, 12 күн бойы қамауда ұстап зорлаған. Оны денесіндегі, басындағы жарақаттардан-ақ көруге болады.

Дегенмен Алматы қалалық Ішкі істер департаменті қылмыскерлерді ұзақ уақыт таба алмағанымен қоймай, менің қызымды үйден өзі қашып кеткен, үйіне өзі оралғысы келмеген деп жалған ақпарат таратып отыр.

Бұл ақпарат шындыққа мүлдем жанаспайды. Қызым Әйгерім Рысбектің сөзінше, оны әлеуметтік желіде танысқан Назым Сабиров есімді жігіт көлікке қинап отырғызып, белгісіз бір жердегі қараңғы бөлмеде қинап ұстап отырған және бірнеше жігіт болып зорлаған.

ІІД айтуынша, қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүруде, алайда бізбен олар ешқандай байланысқа шықпай отыр. Таратқан ақпараты тек қыздың өзі үйден шығып кеткен және үйге оралғысы келмеген дегенге саяды.
Бұл тұста шикіліктер өте көп екенін айтқым келеді. Осы себепті мен "Нұр Отан" партиясы мен барлық құқық қорғаушы органдарының басшыларына, ҚР ІІМ, ҚР БАС Прокурорына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жен сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасына, Президент жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиеваға, барлық БАҚ өкілдеріне жанайқайымды жолдаймын.
Осы істі қатаң бақылауларыңызға алып, қызымды ұрлап, оны зорлаған қылмыскерлер әділ жазасын алуын қамтамасыз етуіңізді сұраймын.
Аналық тілегім мен шағымымды аяқ асты етпеулеріңізді сұраймын. Президентіміз кез-келген қылмысқа «нөлдік» төзбеушілік қағидасын қоғамға сіңіруді айтып жатқанда мынадай бассыздықтың Алматы қаласында орын алуы дұрыс емес деп есептеймін", - дейді ашынған ана.

Аталмыш видеожазба таралған соң Алматы қалалық прокуратурасы бұл істі қолға алғандарын мәлімдеді.

Ведомство хабарлағандай, Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3 тармағы және 126-бабы, 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу жұмыстарының жүргізілуін прокуратура өз бақылауына алып, жәбірленушінің жасына сәйкес процессуалды прокурор мен психолог тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1720820-almatyda-12-kn-bojy-zorlyk-krgen-kyzdy-anasy-smdyk-zajtty-betin-asty-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 11

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Даригуль

Некоторых почитать - прям ума палата ! Поставьте себя на место матери , каково ей читать ваши умозаключения , какая мать желает своему ребенку такой участи ?! Егер жақсы сөз айталмасаңыз - үндемеген жақсы, оттың ыстығын қолыңа басқада білерсің деген. Нұрлыхан сізге төзімділік тілеймін, Алла қуат берсін, әділдік жеңеді деп ойлаймын, Алла жар болсын!

Comment reaction

Мерке

Сол кызды зорлагандардын да , кылмыстыга жаза колданбай отырган шендилердин де бастарына тап осы жагдай келсин! Аумин

Comment reaction

Боданкүл

Айтасыңдар-ау !Жас қыз киноға т.б.жерлерге жігітпен барғысы келген деп ойлаймын.Жас қыз басқа арам ойламайды.Қайта жанын қалдырыпты.Осыншама хайуандықты қалай ғана жасады екен ?Жазалансын оңбағандар ?Нəзік жанды қыз балаларды қорлауға дəті қалай барды ?Сөзім жоқ.Неге қыз туралы басқа ақпарат тарқатады ?Түсініксіз.Əле бала ғой .

нагымановбазарбай

кыздын анасынын айтуы дурыс.адам тагдыры ойыншык емес.полициянын жумысы осы.озинди уры кылмыскер етеди.ешким ериккеннен полицияга арызданбайды.солардын кыздары осындай болса не истер еди.12 кун бойы кызын издемей отырама.тэртип жок.тамыр-таныстык арасында мэке-сэке одан калса акша.кудайдан корыкпайды.обал-сауап деген курыган бул заманда. президентте айта-айта шаршады.

Яяя

Коремиз оздериннин кыздарыннын немесе карындастарыннын басына тускенде акыл айткандарынды

Бакытгул

Акылгойлер кобейді .Анасы н неге кіналайсындар .Ойнап журіп от баскан аумалы токмелі кезі баланын .Кызым сондай болсын деп кім тілейді .Айып етпеніздер .Баріміз ул кыз багып отырмыз .Егер ана адам туріндегі хайуандар усталса айямау керек .Ондайлардын жазасын беру керек .Кашангы айелдер кыздар кіналі болады .Балалыкпен таныскан шыгар таныскан кыздарды зорлай берсе несі калады .Алла жазасын берсин зайуандардын .

40070746

Бойжетіп келе жатқан қыздан, ана көз жазбау керек. Өмірде осындай қауіп-қатердің барын, алдын-ала ескертіп, құлағына құю керек. Қателік , анасынан кеткен.

Алтынчик

Айналайын - ау... 15жасар қыз неге интернетпен танысқан жігітпен кездесуге келісім береді ? Қалай қорықпайды? мен тіпті 24-те болсамда класстас жігіттер тойдан кейін,машинасы барлары үйіңе апарайын десе де келіспеймін. Жəне ешқашан қаладан -ауылға,ауылдан-қалаға мінген таксиімнен ең соңғы қалып қоймауға тырысам. Соңғы өзімді түсіруге , қорқамын. Əйтпесе бəрі кішкентай ғана өз ауылымның ерлері ғой. Ол қазіргі заманның адамдарына сай жасалатын САҚТЫҚ! неге үйде үйретіп отырмайсыз? Бала емеспе? Соткасын қарап тұрыңыз,не істеп жүргенін,не қарайтынын,қайда кіретінін.Менің папам мектеп кезімде,айына бір рет соткамды тексеріп,от и до,контактіме дейін:-Сұлтан кім? -көрші.. Ол сенен үлкен емеспе? Номерін неге жаздың деп сұрайтын. Ол кезде ватсапта жоқ. Ал қазір жасымыз 24-тен ассада мамам кластасыңа сенбе! Дос қызыңа да сенбе,аралас,сыйлас бірақ бір жерге барып келейік десе келіспе деп қатаң айтып отырады. Шүкір. Жаман болып жүргенім жоқ одан. Кластас,группалас жігіттердің бəрі сыйлайды.Əр АДАМНЫҢ өзіне байланысты ! Мүмкін,қызыңыз ұятты тақырыпта сөйлескен болар?! Бəрін тексеру керек. Не туралы əңгімелескенін.Қызым үйде қылығы түзде дегеннің,қасіретін шегіп отырсыз. Алла сақтасын. Бір Алла жар болсын!

Анкара

Айгерімнің анасының іші алай дүлей боп жүрген шығар.Алла сізге сабыр берсін.Қате аяқ астынан ғой.Қай ана қызына жаман болсын дейді.Меніңде 4қызым бар аллаға шүкір .Мынадай жайттардан аулақ болса екен...

40070746

Он бес жастағы қыз, желіде жігітпен танысып не шаруасы бар, сабағын оқымай ма. Тәрбие бермей, анасы қайда қарап отыр. Баланы қадағалап, дұрыс бағыт-бағдар бермеген соң, осындай қайғыға ұрынып отыр. Қыз , Сабиров деген жігітпен желіде танысып, кездескен.

бойнг

грамотно

jitsu gif