jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында оқушы қыздар алтын сырға үшін төбелесіп қалды

    : Getty Images

    Ақтөбе облысы Алға қаласының тұрғындары екі айдан бері дүрлігіп жүр. Шағын қалада тіркелген жағдай ауыл тұрғындарын шошытып отыр. Мектептің 10 сыныбында  оқитын қыздар көшеде ойнап жүрген бүлдіршіннің алтын сырғасын шешіп алып, ломбардқа тапсырып жібергені белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Ирина Самарская төбелестен кейінгі қызының суретін көрсетуде Фото: NUR.KZ
    Ирина Самарская төбелестен кейінгі қызының суретін көрсетуде Фото: NUR.KZ: Original
    "Үп-үлкен мектеп оқушылары 5 жастағы қызымның сырғасын сұрап алып, ломбардқа тапсырып жіберген. Кішкентай қызым қорқып қалған. Енді оны психологқа көрсетеміз. Себебі қызым кіші дәретін жіберіп қойып жүр. Моральдық шығын талап ететін боламын", - дейді 5 жасар қыздың анасы Анастасия .

    Бүгін аудандық сотта осы оқиғаға қатысты сот басталуға тиіс болатын. Іс белгісіз себептермен кейінге шегерілді.

    Ирина Самарская төбелестен кейінгі қызының суретін көрсетуде Фото: NUR.KZ
    Ирина Самарская төбелестен кейінгі қызының суретін көрсетуде Фото: NUR.KZ: Original

    Себебі, мектеп оқушыларына қатысты дау бүлдіршіннен сырға тартып алумен шектелмепті.

    5 жасар қыздың 9 сыныпта оқитын көршісі сырғаны тартып алған қызды кездесуге шақырған. Оқушы қыздардың кездесуі шаштасып, төбелесумен аяқталған.

    "Менің қызым 10 сыныпта оқиды. Барлығы сырғадан басталған. Мен бұл төбелес тапсырыспен болып тұр деп ойлаймын. Ұрғандарын камерамен түсірген. Қызым алған сырғаны қайтарды", - дейді бүлдіршіннің сырғасын көшеден шешіп алған оқушының анасы Ирина Самарская.
    Ирина Самарская Фото: NUR.KZ
    Ирина Самарская Фото: NUR.KZ: Original

    Оқушылар арасындағы төбелес 13 қазан күні кешкі сағат алтыдан кейінгі уақытта  тіркелген. Мектеп басшылығы мән-жайды түсіндіріп берді.

    "Төбелес сенбі күні болды. Мектебіміздің 9 және 10 сынып оқушылары бір бірінің шаштарынан тартып сүйреген. 

    Кішкентай қызбен 9 сыныпта оқитын оқушымыз көрші болу керек. Жақтасу үшін сырғаны алып кеткендерді кездесуге шақырады.

    "Кішкентай баладан неге сырғаны тартып аласың?" деп басталған кездесулері төбелеске ұласқан.
    Анастасия Заглядова, 5 жасар қыздың анасы Фото: NUR.KZ
    Анастасия Заглядова, 5 жасар қыздың анасы Фото: NUR.KZ: Original

    Шаштасып, бір бірін аяусыз соққыға жыққан. Астында қалып, жеңіліп бара жатқан қыз екінші қыздың қасынан соғып жіберген.

    Содан бері түсіндіру, тәрбие жұмыстары жүріп жатыр. Кішкентай қызға көмектескен екінші оқушының отбасы қиын жағдайда. Әкесі жоқ, анасы ішімдікке салынған. 10 сыныпта оқитын қыздың анасы вахтада жұмыс жасайды.

    Төбелес шығарған оқушы қыздар тәртіптеріне байланысты мектептің де, аудандық ішкі істер бөлімінің де есебіне алынған. Ата-аналары айыппұл төлейтін болады.

    Ирина Самарская мен Анастасия Заглядова Фото: NUR.KZ
    Ирина Самарская мен Анастасия Заглядова Фото: NUR.KZ: Original
    Екі оқушының да сабақ үлгерімдері жаман емес. Сабақтан қалмайды. Мектепте оғаш қылық көрсеткен емес.  Қазір екеуі де сабаққа қатысып жүр.", - дейді Алға қаласындағы №4 орта мектеп директоры Әбдімұрат Қорғулин.
    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Ақтөбе облысында оқушы қыздар алтын сырға үшін төбелесіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.