jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбеде жанжалдасқан мектеп оқушыларының бірі ауруханаға түсті

    : Depositphotos

    Ақтөбедегі ең үздік дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқушыларының арасында төбелес болып, олардың бірі ауруханада жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    М.Құсайнов атындағы "Дарын" мектеп-интернаты
    М.Құсайнов атындағы "Дарын" мектеп-интернаты: Depositphotos

    Оқиға 8 желтоқсан күні түскі мезгілде М.Құсайнов атындағы "Дарын" мектеп-интернатының 10"а" және 10 "ә" сынып оқушыларының арасында болған.

    Жанжал интернатта жатып оқитын оқушы мен үйінен қатынап оқитын оқушы арасында кабинет туындаған. Салдарынан жарақат алған оқушы облыстық ауруханаға жеткізілген.

    "Оқиға сенбі күні болды. Жарақаттың немен салынғаны әлі анықталған жоқ. Пышақ па басқа ма белгісіз. Екеуі де оқу үздігі, тәртіптері жақсы балалар. Зардап шеккен бала ауруханада жатыр. Жанжал туғызған оқушы үйінде. Себебі болған жағдай анықталып жатыр", - дейді мектеп директоры Гүлнәр Тәжіғалиева.

    Жанжалдасқан балалар интернатта 5 сыныптан бері бірге оқиды екен.

    Ақтөбеде жанжалдасқан мектеп оқушыларының бірі ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.