jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Азаптау қарулары бар: Жетісайда қыздарды қорлаған өгей шеше "жазалау" дәптерін арнаған

    : Facebook

    Түркістан облысының Жетісай қаласында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталды деп жазады Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жетісайда қыздарды қорлаған өгей шеше жазалауларын дәптерге жазып отырған
    Көрнекі фото:lapatilla.com: Facebook

    Жәбірленген қыздардың туысқаны туған аналары бес жыл бұрын кетіп қалғанын жеткізді. Қыздардың әкесі екінші әйелмен отасқанына үш жыл болған.

    Бастапқыда бәрі дұрыс болыпты, алайда ұлдары туылғаннан кейін келіншек өзгеріп кеткен.

    Қыздардың әпкесі "ол ашуын өгей қыздарынан алады" дегенді алға тартты. Ал қыздардың әкесі бұған қызғаныш сезімі себеп деп отыр.

    Қыздардың үлкені әкелерін қатты жақсы көргендіктен бәрін жасырған көрінеді.

    Аналары тастап кеткеннен кейін ер адам инсульт алған, қыздары оған бір нәрсе бола ма деп қорқады екен.

    Басылым өгей шеше жазалау түрлерін жазу үшін арнайы дәптер арнағанын жазды.

    Онда кімнің қандай жаза алғаны, сонымен қатар, қыздар өздерін қалай ұстауға тиіс екені жазылған.

    Үлкен қыздың сөзінше, өгей шешелері қыздардың шайына ыдыс жуатын сұйықтық құйып, оны ішуге мәжбүрлеген.

    "Азаптау қаруы" ретінде ине, кәуәп таяқшалары, оқтау, пышақ және қысқыш пайдаланылған.

    Еске сала кетейік, Түркістан облысында өгей шеше қыздарды ұрып-соқты деген күдікке ілінген еді.

    Елді шуатқан әйел адамның екінші балаға аяғы ауыр болып шықты.

    Азаптау қарулары бар: Жетісайда қыздарды қорлаған өгей шеше "жазалау" дәптерін арнаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.