jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Тальгодағы" зорлау ісі: Жолсеріктің әкесіне қатысты сот үкімі шықты

    : Facebook

    "Тальго" пойызындағы зорлау ісі бойынша жәбірленуші сотталған жолсеріктердің туыстарынан моральдық шығын ретінде 15 млн теңге сұраған болатын. Осыған орай Нұр-Сұлтандағы №2 Алматы аудандық сотында жала жабу әрекеті бойынша іс қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Фото: Sputnik/ Ксения Воронина
    Фото: Sputnik/ Ксения Воронина: Facebook

    Сот материалдарына сәйкес, "Тальгода" әйелді зорлау оқиғасы бойынша сотталған жолсеріктердің жақындары жауапқа тартылды. Біреуі – Құрманиязовтың әкесі, екіншісі – Үмбеталиевтің жұбайы А.Төрәлиева. Олар блогер Тәңірберген Бердоңғарға сұхбат беріп, әйелдің жолсеріктерден ақша бопсалағаны туралы жалған ақпарат таратқан.

    Айта кетейік, жәбірленуші жолсеріктердің екі туысынан моральдық шығын ретінде 15 млн теңге сұрап, сондай-ақ ролик сараптамасына жұмсағаны үшін жарты млн теңге, сот шығындары үшін 100 мың теңге талап етті.

    Одан бөлек, келіншек соттан Бердоңғаровты Youtube арнасына және басқа да әлеуметтік желіге жүктеген видеосын өшіруге және оларды жоққа шығаруға міндеттеуді өтінген еді.

    Сот үкіміне сәйкес, С.Құрманиязов бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның ар-намысына тиетін жалған мәлімет таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, сот жәбірленушіге бір миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп берді.

    Дереккөздің мәліметінше, Құрманиязов сұхбат бергенде жалған ақпарат таратып жатқанын алдын ала білген. Ал А.Төрәлиева күйеуінің айтқанына сүйенген және оның жалған мәлімет екенін білмеген. Сондықтан сот оны ақтап шықты.

    Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда "Тұлпар-Тальго" пойызында қыз зорлады деп айыпталған екі жолсерікке қатысты жаңа үкім шығарылды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Тальгодағы" зорлау ісі: Жолсеріктің әкесіне қатысты сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.