jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде полицейлермен карта ойнаған жігіттің асылып қалғаны туралы ақпарат тарады

    Алматы облысының тұрғыны өзіне қол салды
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде Алматы облысы тұрғынының полицейлермен карта ойнап, артынан өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті бұған қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл оқиға туралы Facebook-тегі Талдыкорганец парақшасынан белгілі болды.

    Блогер Қайрат Абдрахман өзіне Whats app мессенджері арқылы келген хаттың мазмұнын жария етті. Онда 24 желтоқсан сағат 16.00 шамасында Ақсу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғынның суицид жасап қайтыс болғаны туралы хабарлама түскені айтылды.

    "25 желтоқсан күні түнгі сағат 1.15 шамасында Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің алдына жасы 20-30-дардағы 80 адам (қайтыс болған тұрғынның достары) жиналды. Олар билік өкілдерінен Аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Байжұманов Бағлан Байжұманұлы мен Аудандық полиция бөлімінің орынбасары Бекішев Жомарт Төлебайұлына шара қолдануды сұрады. Жиналғандардың сөзінше соңғы аталған қызметкерлер 23 желтоқсан түнде "Ази" ойынын ойнаған. Нәтижесінде Д.С. есімді азамат полиция қызметкерлеріне 300 мың теңгеге ұтылып қалған. Сондай-ақ, Бекішев қарыз болған Д.С. есімді азаматқа қоңырау шалып, 24 күнгі түскі 14.00- ге дейін ақшаны қайтаруды талап еткен. Сол күні ұтылған азамат өзіне қол салып, қайтыс болды", - деп жазады Талдыкорганец парақшасы.

    Әлеуметтік желіде жария болған видеодан жергілікті билік өкілдері аудан әкімдігінің алдына жиналған азаматтарды жиналыс залына кіргізіп талаптарын тыңдағаны белгілі болды. Тұрғындар аталған екі полицейге қатысты шара қолдануды талап етіп, аудан прокурорына ұжымдық шағым жазған.

    Сондай-ақ жиналғандар аталған Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін лауазымдарынан босатуды талап етіп отыр.

    Аталған жайтқа қатысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек мәлімдеме жасайтынын жеткізді.

    Желіде полицейлермен карта ойнаған жігіттің асылып қалғаны туралы ақпарат тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.