jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде миллиард теңгеден аса қаржы жымқырылған

    Ақша теңге1
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігер ұйымдары мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі ресми Telegram арнасында хабарлады.

    Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық заттарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болған.

    Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

    "Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалы жабдықтар сатып алуға болатын еді", - дейді ведомство.

    Агенттік қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Сонымен қатар ведомство қылмыстық-процестік кодекстінің 201-баптың талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жария етілмейтінін мәлім етті.

    Еске сала кетсек, бұған дейін қаржылық мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оралдағы тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтау үшін бөлінген жарты миллиардтан астам теңгенің жымқырылғанын анықтаған еді.

    Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражат Оралдағы тұрғын үй аудандардың бірін электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін бөлінген.

    Одан бөлек, агенттік қызметкерлері Қарағанды облысында 1 млрд теңгенің кен орны Қытайға заңсыз сатылып кеткенін анықтаған болатын.

    Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде миллиард теңгеден аса қаржы жымқырылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.