jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Аузына құм салған": Алматы облысында асырап алған балаларды қорлаған

    Видеодағы кадр
    Видеодан кадр: instagram.com/taldykorganec.7282

    Қамқорлық органдары 35 жастағы Сарқан қаласының тұрғыны мен оның жұбайын тексеруде, бұған дейін олар төрт бірдей баланы асырап алған. Көршілердің айтуынша, балаларды болмашы нәрсеге бола жазалайды. Полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Балаларды қорлау әрекеті туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

    Автор жазбасында Сарқанда жас отбасы балалар үйінен асырап алған жасөспірімдердің қорлық көріп жүргенін айтады. Болжам бойынша, балаларды тентектік жасағаны үшін жазалайтын көрінеді.

    "Отбасында балалар үйінен асырап алған төрт бала бар, оларды үнемі қорлап, ұрып-соғады.

    Күн сайын аптап ыстықта баланың арқасына 6 кірпіш қойып, аузына құм салады. Көршілер араша түсуге тырысып, полицияға хабарласты. Қазір қорлау әрекеттері үйде жалғасуда. Күн сайын балалардың айқайы мен еңіреп жылағанын естиміз", – делінген жазбада.

    Сарқан ауданының әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Әкімдік олар құзырлы органдармен бірлесе отырып, отбасының тұрғылықты жеріне барып, мән-жай анықталғанша балаларды алып кеткені айтылған. Олардың туған анасының қайда екені әзірге белгісіз.

    "2020 жылдың маусым айында ерлі-зайыпты 2003, 2007, 2012 және 2014 жылы туған төрт баланы өз қамқорлығына алған. Заңнамаға сәйкес олардың туған анасы өз келісімін берген.

    Анықталғандай, балаға қарсы заңсыз әрекеттерді үй иесінің 17 жастағы туған ұлы жасаған, анасы бұл уақытта Талдықорғанға кетіп, үйде болмаған.

    Жедел комиссия құрылды, олар балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберу туралы шешім қабылдады. Құқық қорғау органдары аталмыш факті бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде", – дейді Сарқан ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Қайратұлы.

    Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша (Көрiнеу кәмелетке толмаған адамды қорлау) қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады.

    "Тергеу кезінде жәбірленуші 9 жастағы бала өзін асырып алған ата-анасының 17 жастағы ұлы қорлағанын айтты. Асырап алушыларға қатысты материалдар балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға берілді. Комиссия отырысы өтті, оның шешімімен ерлі-зайыптылар қамқоршылықтан айырылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Полиция сонымен қатар, 17 жастағы бозбаланың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу барысын Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауына алған.

    "Аузына құм салған": Алматы облысында асырап алған балаларды қорлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.