jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында белгісіз біреу тұрғынның жылқысын сойып, етін алып кеткен

    Жылқы1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Түркістан облысының полицейлері жайылымда жүрген жылқыны сойып, етін алып кеткен күдіктіні ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

    Созақ ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол өз арызында жайылымда жүрген жылқысын белгісіз біреу түнгі уақытта сойып, етін алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 700 мың теңге.

    Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188- бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары хабар түскен соң оқиға орнына аттанды. Жайылымнан жылқының бас сирақтары мен ішек-қарны табылды.

    Атқарылған тиянақты жұмыстар нәтижесінде күдікті ер азамат анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде оның автокөлігінің жүк салғышынан мал байлауға арналған арқан алынды.

    Полицейлер көліктен алынған заттай дәлелдеме мен оқиға орнынан алынған дәйекті заттардың сәйкестігін анықтау мақсатында сараптама тағайындады. Сараптама заттардың бір-біріне сәйкес екенін көрсетті.

    Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

    Белгілі болғандай, күдікті азамат түнгі уақытта оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша, өзінің басқаруындағы жеңіл автокөлікпен жайылымға бет алған. Содан соң жылқылар үйірін көріп, көлігіне сыймайтынын біліп, бір бас жылқыны сол жерде сойып, етін алып кеткен. Ал бас-сирақтары мен ішек-қарнын тастап кеткен. 

    Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері үй жануарларын қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді

    Түркістан облысында белгісіз біреу тұрғынның жылқысын сойып, етін алып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.