jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Полиция бастығы Данияр Мейірхан 40 млн теңге кепілақымен босатылатын болды

    Данияр Мейірхан
    Данияр Мейірхан. Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

    29 сәуірде қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Мейірханға қатысты бұлтартпау шарасын бекітті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық сотына сілтеме жасап.

    Данияр Мейірхан жеке автосалонға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, ол ақшаны толық төлемей, қымбат көлікті иеленіп алған.

    Шымкент қаласының тергеу соты күдіктіні қамауға алуға санкция беріп, қажетті кепіл сомасын 40 миллион теңге деп белгілеген.

    Егер кепілақы төленетін болса, Данияр Мейірхан тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылады.

    Айта кетейік, Данияр Мейірхан Түркістан облысындағы танымал полиция қызметкерлерінің бірі. Тәртіп сақшысы әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданып, өңірдегі оқиғалар мен даулы жағдайлар туралы ақпарат беріп отырады.

    Ол Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып 2020 жылы наурыз айында тағайындалған еді.

    Полиция бастығы Данияр Мейірхан 40 млн теңге кепілақымен босатылатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.