jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі шықты

    Ақтөбе әуежайы
    Фото: Instagram/aktobe_airport_official

    Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайына шабуыл жасап, басып алды деп айыпталған үш тұрғынның ісі бойынша сот үкімі оқылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.

    Соттың мәліметінше, күдіктілердің үшеуі де кінәсін мойындап, прокуратурамен процессуалдық келісімге келген.

    Сот оларды Қылмыстық кодекстің 269-бабының 1-бөлігі (Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе басып алу) бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысының бас бостандығын 3,5 жылға шектеу жазасын тағайындады.

    "Тергеу нұсқасы бойынша сотталушыларға биыл 5 қаңтарда сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты болған наразылық акциясына қатысушыларды қолдау мақсатында әуежайға келіп, жетекшіні жолаушылардың әуежайға кіріп-шығуына кедергі келтіріп, сондай-ақ әуежай ғимаратын бүлдіремін деп қорқытты, барлық бағыттағы рейстерді тоқтатуды талап етіп, тоқтатты деген айып тағылды.

    Соның салдарынан "Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" АҚ-на жалпы сомасы 1 млн 672 мың теңге материалдық шығын келтірілген. Ол толық көлемде өтелді", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотынан.

    Ақтөбе әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.