jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Көпшіліктің қызу талқысына түскен видеодағы "прокурордың әйелі" кім екені анықталды

    "Прокурордың әйелі" күзетшіге айқайлап тұрған сәті
    Видеодан кадр: t.me/s/kozachkow

    Қазақстандықтар әлеуметтік желіде өзін "прокурордың әйелімін" деп таныстырып, күзетшіге дөрекілік танытқан азаматшаның видеосын қызу талқылап жатыр. Бұл жазбаға прокуратурамен қатар полиция да пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    TikTok-та пайда болған видеоны журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жариялады. Видеоның Қызылорда облысында түсірілгені айтылған.

    Бейнежазбадан ақ киім киген әйелдің күзетшімен жанжалдасып жатқанын, сөз арасында күйеуі "прокурор" екенін, "проблема туындауы мүмкін" екенін айтып жатқанын аңғаруға болады.

    Әрі қарай видеодағы кейіпкер қызыл киімдегі өзге әйелге наразылығын білдіріп, жанжал болған жерден кетіп қалады.

    Бұл видеоға қатысты Қызылорда облыстық прокуратурасы Facebook-тегі ресми парақшасында пікір білдіріп, видеодағы әйел облыс прокурорының жұбайы емес екенін мәлімдеді.

    "Әлеуметтік желілерде "Қызылорда облысы прокурорының әйелі "күзетшіге барып шу шығарғаны" туралы ақпарат тарауда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.

    Облыс прокурорының жұбайы – Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты орыс. Видеодағы әйел мүлде басқа адам. Мәлімет үшін ескертеміз, жала жабу мәліметтерін тарату заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз", – делінген ведомство хабарламасында.

    Осы орайда видеодағы ақ киімді әйелдің жеке басын Шымкент қалалық полиция департаменті анықтаған. Ведомствоның мәлімдемесі Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

    Полицияның мәліметінше, 19 шілде күні әл-Фараби аудандық ПБ-на күзет қызметкерінен арыз түскен. Онда 15 шілде күні сағат 14:00 шамасында ЖШС ғимаратында белгісіз бойжеткен күзет қызметкерлеріне балағат сөздермен тіл тигізіп, оларды қорлағаны айтылған.

    Тәртіп сақшылары әйелдің кім екенін анықтаған. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Келіншектің бұрынғы жары прокуратурада қызмет істемеген.

    Құзырлы орган әйелді ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

    Көпшіліктің қызу талқысына түскен видеодағы "прокурордың әйелі" кім екені анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.