jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда кәмпит жеген жазасын өтеуші өлім аузынан қалды

    ҚАЖ қызметкері кәмпитке қақалған ер адамға алғашқы көмек көрсетуде
    ҚАЖ қызметкері кәмпитке қақалған ер адамға алғашқы көмек көрсетуде. Оқиға орнын фото: Рolisia.kz

    Қарағандыда Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қызметкері кәмпитке қақалып қалған жазасын өтеушіні құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, оқиға 27 маусымда болған.

    Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №29 мекеме жасақтарының бірінде тәрбие жұмысын жүргізуге арналған бөлмеде сотталған ер адамның тамағына кәмпит тұрып қалған.

    Салдарынан оның тыныс алу жолдары бітеліп, механикалық асфиксия болған.

    Оның тұншығып, есін жоғалта бастағанын жанындағылар байқамаған. Алайда колония қызметкері Азамат Мергенгожин байқап қалып, бірден көмекке келіп, сотталушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осылайша, ер адам аман қалған.

    Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, қазіргі таңда сотталған азаматтың денсаулығы бірқалыпты.

    Қарағандыда кәмпит жеген жазасын өтеуші өлім аузынан қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.