jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жаза мерзімі ұзартылды: Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір сот үкімі шықты

    Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
    Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Қызылорда сотында Гүлмира Сатыбалда мен тағы 6 айыпталушыға қатысты үкім шықты. Олар қаладағы жылу желілерін салу кезінде 441 миллион теңгені иемденіп, ысырап етті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қызылорда қаласының соты Гүлмира Сатыбалды мен тағы алты адамды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша кінәлі деп таныды.

    Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы 2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Сырдарияның сол жағалауын жылумен жабдықтау жобасы бойынша жұмысты аяқтамай, оларға сеніп тапсырылған ірі көлемдегі 441 млн теңгені жымқырған.

    Бұл іс бойынша Қызылорда соты биыл сәуір айында елордалық сотта Гүлмира Сатыбалды басқа іс бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын ескере отырып, аса қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы, түпкілікті жаза ретінде оған 8 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Осылайша оның жаза мерзімі тағы 1 жылға ұзартылады.

    Сот қылмысқа қатысы бар тағы алты адамды 7 жылға бас бостандығынан айырды.

    Жаза мерзімі ұзартылды: Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.