jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Күзетші басымнан тепті": Атырауда рестобарда соққыға жығылған бойжеткен полицияға шағым түсірді

    мейрамхана
    Мейрамхана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрып-соғу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 11 шілде күні болған оқиға бейнекамераға жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Видео Instagram желісінде пайда болды.

    Бейнежазба авторының сөзінше, рестобардың күзетшілері бойжеткенмен танысқысы келген. Бірақ бойжеткен одан бас тартқан. Жанжал осыдан соң басталған.

    "Мен телефонмен сөйлесуге тысқа шықтым, содан соң мені күзетшілер қайта ішке кіргізгісі келмеді. Маған күш көрсетіп, ол жерден кетуімді талап етті. Мен ашуланып, әкімшілікті шақыртуын сұрадым. Олар, әрине, шақырған жоқ. Мені бетімнен бірнеше рет ұрды. Соның нәтижесінде мен жерге кафельге құладым. Мені кіреберістен аулақ сүйреп апарып тастады. Мені бірінші ұрған күзетші соңымнан еріп келіп, мені ұрып-соғуын тоқтатпады, басымнан тепті", - дейді бойжеткен жазбасында.

    Бойжеткен полицияға шағым түсірген, алайда рестобардан бейнежазбаны екі күннен кейін ғана қолына алғанын айтады.

    Атырау облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    "11 шілде күні Атырау қаласындағы рестобарлардың бірінде бойжеткенді ұрып-соғу дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

    "Күзетші басымнан тепті": Атырауда рестобарда соққыға жығылған бойжеткен полицияға шағым түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.