jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды

    Балабақша бөлмесі
    Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодардағы балаларды оңату орталығында бүлдіршіндерді жұлқылап, оларды бетінен ұрған тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды. Бұл туралы Аstana TV телеарнасы хабарлады.

    Телеарна мәліметінше, Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан балабақша қызметкерінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оңалту орталығының қызметкері балаларды жұлқылап, кейбірінің бетінен шапалақпен ұрған.

    "Тексеру барысында тәрбиеші мамандардың аттестациядан өтпегені анықталды. Оған қоса тәрбиешілер уақытылы біліктілігін аттыру курстарынан да өтпеген. Сол себепті орталықтың басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Үзденбаева.

    Pavlodarnews.kz басылымының хабарлауынша, осы жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі - Ата-ананың немесе өзге де тұлғаның кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.