jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда мектепте жұмыс істемеген "қызметкерлер" 90 млн теңге жалақы алған

    Сынып партасы
    Сынып партасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысындағы мектептердің бірінде жұмыс істемесе де, тұрақты түрде жалақы алып келген 41 қызметкерді анықтады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

    Телеарнаның хабарлауынша, Антикор мұндай заң бұзушылықтарды 12 білім беру мекемесінде анықтаған.

    Мектеп директорлары қағаз жүзінде нақты бір қызметкерлерге шағын жөндеу, электр жұмыстары мен компьютерлік сыныптарға қызмет көрсету бойынша міндеттерді тапсырған. Бірақ шынтуайтында барлық жұмысты басқа қызметкерлер атқарған. Бұл ретте директорлардың туыстары, достары мен таныстарының есепшотына 90 миллион теңге түскен.

    "Тексеру нәтижесінде мектеп басшысы өзінің туыстарын: қызын, күйеу баласын жұмысқа алғаны анықталды. Бірақ іс жүзінде олар мүлдем жұмыс істемеген. Осы мекеменің өзінде ұрланған сома 20 млн теңгеден асқаны анықталды", - деді Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.

    Атырауда мектепте жұмыс істемеген "қызметкерлер" 90 млн теңге жалақы алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.