jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы орталығында түнде болған атысқа қатысты полиция пікір білдірді

    Тапанша ұстаған ер адам
    Тапанша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Әлеуметтік желіде Алматының орталығында түнде болған атыс туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаға қатысты ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында пікір білдірді.

    Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, төрт адам қатысқан атыс түнде әл-Фараби көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысындағы кафеде болған. Жазбада оқиға кезінде екі адамның жараланғаны айтылады.

    ІІМ мәліметінше, қазіргі таңда бұл деректі Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы тіркеп, тергеу амалдарын жүргізуде.

    "Қылмыс орнына қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды.

    Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабардар етті ведомстводан.

    ІІМ күдіктілердің бірі қамауға алынғанын, қалған қатысушылар анықталып, жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

    Алматы орталығында түнде болған атысқа қатысты полиция пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.