jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздар видеоға түсіп қалған: полиция пікір білдірді

    Семейде қыздарды соққыға жыққан
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/ibrayeva.vd

    Әлеуметтік желіде қыздардың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғаға қатысты Абай облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2023 жылғы 6 қыркүйекте Семейдегі мейрамханада жантүршігерлік жағдай болды. Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соққан. Қазір қыздар бас жарақатымен, әртүрлі сынулармен, денедегі көгерулермен ауруханада жатыр", - деп жазылған видео сипаттамасында.

    Абай облысы ПД Семей қаласының орталық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

    "Жанжалға қатысушының барлығы анықталды, олар - 21 мен 29 жас аралығындағы азаматтар. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізілуде", - деп хабардар етті ведомстводан.

    Облыстық ПД Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

    Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздар видеоға түсіп қалған: полиция пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.