jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында 16 жастағы қыз үйінің маңынан көптеген пышақ жарақатымен табылды

    Пышақ ұстаған жігіт
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Желіде Алматы облысында 2007 жылы туған қыз үйінің жанынан көптеген пышақ жарақатымен табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасының жазуынша, зардап шеккен қыз жансақтау бөліміне жатқызылған. Онда туыстары қызға қан донорлары керек екенін хабарлаған.

    Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында осы факті бойынша ақпарат жариялады.

    "Полиция кісі өлтіруге оқталғаны үшін күдіктіні анықтап, ұстады. Тәртіп сақшылары Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 23 жастағы тұрғынын анықтап, кәмелетке толмаған қызға пышақпен жарақат келтіргені үшін УҰИ-на қамаққа алды", - деді Бауыржан Әленов.

    Облыстық ПД бастығы тергеуде істің жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанынын атап өтті.

    Оның айтуынша, аталған факт Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелген.

    Алматы облысында 16 жастағы қыз үйінің маңынан көптеген пышақ жарақатымен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.