jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты қала әкімдігі пікір білдірді

    Жұмысшы
    Жұмысшы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Әлеуметтік желіде Атырау облысының Мақат ауданында газ өңдеу зауытын салып жатқан жұмысшылардың ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Petrocouncil.kz арнасында бүгін, 24 қазанда Атырау облысы Мақат ауданында газ өңдеу зауытын салып жатқан "Kazakh Construction Group" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды.

    Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша бүгін түскі уақытта "Kazakh Construction Group" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы, Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің өкілдері, Мақат ауданының әкімдігі мен прокуратурасы жұмысшылармен кездесті.

    "Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шамамен сағат 14:00-де барлық жұмысшы жұмысқа кірісті. Сонымен қатар жұмысшылар Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына талаптары көрсетілген өтінішіпен жүгінді. Өтініш Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қарастырылылады", - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

    Атырау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты қала әкімдігі пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.