jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда мұғалім жұмыстан шығарылған соң мектеп оқушылары Тоқаевқа видеоүндеу жасады

    Мектеп
    Мектеп. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтаудағы №1 мектепте мұғалім жұмыстан босатылғаннан кейін оқушылар ұстазды қызметіне қайта орналастыруды өтініп, ел президентіне видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Lada.

    Желіде мектеп оқушыларының Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Білім және ғылым министріне жұмыстан босатылған биология пәні мұғалімін қайта жұмысқа қабылдауды сұраған үндеу жарияланды.

    "Мектебімізде тексеріс жүргізілуін өтінеміз. Мұғалім мен ата-анамызды қолдаймыз. Мектеп әкімшілігінен мектебіміздің ең үздік мұғалімдерінің бірі жұмыстан қаншалықты заңды түрде босатылғанын түсіндіріп бергенін қалаймыз. Жұмыстан шығарылған мұғалім Наталья Викторовна Дроздова қызметіне қайтарылуын сұрамыз", - дейді оқушылар.

    Басылым тілшілері мән-жайды анықтау үшін мұғаліммен байланысқа шықты, өйткені бір күн бұрын оның жұмысқа қайта қабылданғаны туралы ақпарат жарияланған.

    Наталья Викторовна білім бөлімінің бұйрығына қарамастан қызметіне қайта алынбағанын хабарлады.

    "Бүгін таңертең мен мектепке жұмысқа қайта алу туралы бұйрық аламын деген ниетпен келдім, бірақ директордың міндетін атқарушы маған құжат беруден бас тартты. Ол бұйрықтың дұрыс орындалмағанын, сондықтан мені жұмысқа қайта алу туралы мәселе қарастырылмайтынын айтты", - деді ол.

    Ата-аналар да Дроздованың жұмысқа қайта алынуын сұрайды - олар мектепте болып жатқан жағдайға наразы.

    "Мектепте озбырлық орын алып отыр, директордың міндетін атқарушы жоғары тұрған органның нұсқауын – білім бөлімінің мұғалімді жұмысқа қайта алу туралы бұйрығын елемейді. Демалыстағы директор жүргізіліп жатқан прокурордың тексерісіне қарамастан, әлі күнге дейін мектепке шақыртылмаған", - дейді ата-аналар.

    Олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, облыстық прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға арыз жазып үлгерген.

    Естеріңізге сала кетейік, Ақтау мектептерінің бірінде 34 жылдық тәжірибесі бар мұғалім жұмыстан босатылған соң жанжал шыққан болатын. Ата-аналар мен оқушылардың айтуынша, бұл заңсыз жасалған.

    Жұмыстан шығаруға мұғалімнің жұмыс орнында болмауы себеп болды, бірақ Наталья Викторовнаның өзі демалыс алу туралы екі өтініш жазғанын айтты.

    Ақтауда мұғалім жұмыстан шығарылған соң мектеп оқушылары Тоқаевқа видеоүндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.