jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды (видео)

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Желіде Ақтауда кішкентай қызды қасына алып және қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген блогердің видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты полиция тексеріс жүргізіп, блогердің жеке басын анықтаған, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы.

    Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігінің жүргізушісі бұзған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.

    "Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды", - делінген хабарламада.

    Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен бірге 27 жастағы азаматшаның жеке басын анықтап, оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

    Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.