jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+

    Қостанайда егде жастағы әйел өз пәтерінде өлі күйде табылды

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанайдың қарт тұрғыны өз пәтерінде өлі күйде табылды. Күдікті де ұсталды - ол 51 жастағы әйел болып шықты, деп хабарлайды Костанайские новости.

    16 қарашада Қостанайдағы ықшамаудандардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 61 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінен табылды.

    Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті 51 жастағы әйел болып шықты, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

    Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес адам өлтіргені үшін 8 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

    Қостанайда егде жастағы әйел өз пәтерінде өлі күйде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.