jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында көбік кешінен кейін көз жұмған қызға қатысты іс сотқа жетті

    Көбік кеші
    Көбік кеші. Көрнекі фото: Getty Images / Byrdyak

    Қостанай облысы прокуратурасы көбік кешінен кейін көз жұмған кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

    "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдени-бұқаралық іс-шара өткізуіне байланысты кәмелетке толмаған қыз қаза тауып, қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істі тергеу аяқталды", - делінген сот хабарламасында.

    Айыпталушы адамның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату).

    Сот мәліметінше, баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

    Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түскен.

    Напомним, в конце августа прошлого года в Костанайской области в поселке Узунколь во время пенной вечеринки 9-летняя девочкаполучила удар током . Ее госпитализировали в больницу.

    Еске сала кетейік, былтыр тамыз айының соңында Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауылында көбік кеші кезінде 9 жасар қызды электр тоғы соғып, ол ауруханаға жатқызылған еді.

    Қыркүйек айының ортасында қыз ауруханада көз жұмған болатын.

    Қостанай облысында көбік кешінен кейін көз жұмған қызға қатысты іс сотқа жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.