jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында ветеринария саласында 100-ден астам лауазымды тұлға жазаланды

    Ветеринар
    Ветеринар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысының табиғатты қорғау прокурорлары ветеринария туралы заңнаманы сақтау саласындағы уәкілетті органдардың қызметінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы құзырлы органның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Облыс бойынша ветеринарияның лауазымды тұлғалары жануарларды вакцинациялау кезінде 33 мың заңбұзушылыққа, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатудың 526 фактісіне жол берген.

    "Облыс аумағында "Сібір жарасы" ошақтарының иесіз 33 жерленген жері анықталды, онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген.

    Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген", - делінген хабарда.

    Барлық анықталған заңбұзушылық бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды.

    Жетісу облысының прокуратурасы мәліметінше, мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелген.

    Жетісу облысында ветеринария саласында 100-ден астам лауазымды тұлға жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.