jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салынған

    Қызылшаға қарсы екпе салу сәті
    Қызылшаға қарсы екпе салу фото. Көрнекі сурет. Фото: Fiona Goodall/Getty Images

    Павлодарда прокурорлар жалған вакциналау фактілерін анықтады. Сонымен қатар 2 бала мерзімі өтіп кеткен екпе алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

    Павлодар облысының прокуратурасы егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексеру барысында 21 млн астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады. 

    Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.

    "Павлодар емханаларының біріне "Пентаксимнің" 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

    Тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды", - делінген хабарламада.

    Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

    Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.