jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейлік кәсіпкер Қазақстанда іздестірілуде: ол кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген

    Михаил Сутягинский
    Михаил Сутягинский. Фото: npk-omsk.ru

    Бұған дейін ресейлік кәсіпкер Михаил Сутягинскийге Қазақстанда іздеу жарияланғаны белгілі болған. Алматы полиция департаменті өкілдері мән-жайды толығырақ айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұған дейін қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен ресейлік кәсіпкер Михаил Сутягинскийге Қазақстанда іздеу жарияланғаны белгілі болған.

    Ол туралы мәлімет Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.

    Іздестіру Алматыда 12 ақпанда тіркелгені хабарланды. Бастамашы – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

    Алматы қаласы полиция департаментіндегілер NUR.KZ тілшісіне Сутягинскийге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

    "Алматы полиция департаменті 2002 жылғы наурызда М.А.Сутягинский ("Адам өлтіру") бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

    30 қаңтарда кісі өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар күдікті адам деп танылды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

    Полиция бұл адамға қатысты сот сырттай "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын бекітіп, іздестіру ісі басталғанын айтты.

    Ресейлік кәсіпкер Қазақстанда іздестірілуде: ол кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.