jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында оқушы қызды жүкті қылған жасөспірім жазадан құтылып кетті

    Бала жүзін жасырып жерге қарап тұр
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақсуда 15 жастағы оқушы қызды жүкті қылған 17 жастағы бала ата-аналары бітімге келген соң, қылмыстық жазадан құтылып кетті. Бұл туралы облыстық полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 15 жастағы оқушы қыздың жүкті екені Ақсу қаласындағы әйелдер консультациясында жүргізілген тексеру кезінде анықталған.

    Бұл факт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    "Қылмысты ашу кезінде оны 17 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны жасағаны анықталды. Қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

    Екі жасөспірімнің ата-анасы 127-бап "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

    Полиция бұл іс бойынша ақталмайтын негіздер тараптардың татуласуы болғанын атап өтті.

    Павлодар облысында оқушы қызды жүкті қылған жасөспірім жазадан құтылып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.