jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда полицей жолда көлік терезесінен жартылай шығып, мопед жүргізушісін ұстаған (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/UNFILTERED_KZ

    Атырауда тәртіп сақшылары мопед жүргізушісін ұстады. Полицей жол бойында қызметтік көлігінің терезесінен жартылай шығып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мопед жүргізушісінің ұсталғанын оқиға болған жерде көлік жүргізіп келе жатқан куәгер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан оны ұстау үшін үш патрульдік көлік жұмылдырылғанын көруге болады.

    Көліктің біріндегі тәртіп сақшысы мопед жүргізушісін тоқтату үшін беліне дейін терезеден шығып кеткен. Мопед жүргізушісінен бөлек оның қасында шлем киген жолаушы да болған.

    Оқиғаға қатысты Атырау облысының ДП өкілдері түсінік берді.

    "Атырау полицейлері Сәтбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кеткен кәмелетке толмаған мопед жүргізушісін анықтап, ұстады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Құқық бұзушы бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

    "Мопед жүргізушісі патрульдік полицияның көлікті тоқтату туралы талабын орындамады, кейін ұсталды", - делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.

    Облыстық ПД мәліметі бойынша мопед полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған азаматты жауапкершілікке тарту үшін сараптама тағайындалып, тиісті материалдар жиналып жатыр.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.

    Атырауда полицей жолда көлік терезесінен жартылай шығып, мопед жүргізушісін ұстаған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.