jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда оқитын шетелдік студенттер жатақханада төбелескені үшін елден шығарылады

    Төбелесіп жатқан адамдар
    Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

    Cот Семейде жатақханада жаппай төбелес шығарған бірнеше елдің азаматтарын Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарды. Олар – медицина университетінің студенттері, деп хабарлайды Abainewskz.

    Басылым мәліметінше, сот алты студенттің университет жатақханасында төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын салғанын анықтады.

    "Жоғарыда аталған адамдар әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың қаулыларымен жәбірленушілермен татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

    Алайда білім беру ұйымының жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін олар университеттен шығарылды.

    "Осындай мән-жайларда құқық бұзушылардың ұлттық заңнаманың талаптары мен елдің құқықтық тәртібінің негіздеріне құрметтсіздік көрсеткенін ескере отырып, сот қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында оларды елден шығару туралы арызды қанағаттандырды, 10 күн ішінде Қазақстан Республикасынан кетуге міндеттейді", - деп толықтырды қалалық соттың баспасөз қызметі.

    Сот шешімі заңды күшіне енгені және оны кассациялық тәртіпте қайта қарауға болатыны атап өтілді.

    Қазақстанда оқитын шетелдік студенттер жатақханада төбелескені үшін елден шығарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.