jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі ұсталды

    Көлік жүргізушісі
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Солтүстік Қазақстан облысында Возвышен ауылдық округінің әкімі Қанат Тоқпанов мас күйінде рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оны жұмыстан шығару ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Агенттік мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңес отырысында әкімнің тәртібі талқыланды. Мемлекеттік қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Абзал Оразымбетовтің айтуынша, ауылдық округ басшысына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.

    Тексеріс қорытындысы бойынша шенеуніктің көлікті мас күйде тізгіндегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны расталды. 2 мамырда жұмыс уақытында Қанат Тоқпанов сыра ішіп, қызметтік көлікпен қала маңындағы жолдың бойымен жүрген.

    Әкімді полиция қызметкерлері тоқтатып, медициналық тексеруге жіберді. Олар шенеуніктің аздап мас болғанын анықтады. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қанат Тоқпанов өз кінәсін мойындап, сот шешіміне қарсы шықпаған.

    Жиында көпшілік дауыспен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкіміне Қанат Тоқпановты қызметінен босату ұсынылды.

    СҚО-да мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.