БҚО ПД ғимаратында оқ жарақатын алған полицей есін жимастан көз жұмды
Жарияланған күні:

Оралда БҚО полиция департаментінің ғимаратында оқ тиген қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады "Мой город" басылымы.
Басылым мәліметіне сүйенсек, ведомство науқастың есін жимай қаза тапқанын 27 маусым күні сағат 00:00-ге хабарлаған.
Еске сала кетейік, осыған дейін полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол БҚО ПД ғимаратындағы бақылау-өткізу пунктінде табельдік қарудан байқамай өзіне оқ атып алған.
Артынша полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын түсіндірді. Қызметкер жансақтау бөліміне жеткізілді. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өңірлік полиция департаменті өзге ақпаратты жариялаған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2124981-bqo-pd-gimaratynda-oq-zharaqatyn-algan-politsei-esin-zhimastan-koz-zhumdy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.