jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Күдікті 47 жастағы көршісі": Алматыда жасөспірім пышақ жарақатын алды

    Пышақ
    Пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда 15 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Күдікті 47 жастағы көршісі болып шықты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Facebook қолданушысы Алматыда оның 15 жастағы жиеніне пышақпен шабуыл жасалғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, 47 жастағы күдікті мас болған. Олар көрші тұрған. Оқиға 15 мамырда кешке Түрксіб ауданында болған.

    "Ол арт жақтан келіп, жиенімді иығынан итеріп жіберді де, бұрылғанда пышақты шапқа тығып алып, қайта сермеп жіберді, бірақ жиенім оны итеріп жіберді де, құлап қалды. Сол кезде сыныптасы көршісінің қолында қанды пышақ барын көрген. Қанға боялған досы оған тез үйге жүгіріп кет деп айғайлады", - делінген жазбада.

    Бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер жараны тігіп, қанды тоқтатты.

    Алматы полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне мән-жайға қатысты пікір білдірді.

    "Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Жасөспірімнің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері кешенінің нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Кінәлі міндетті түрде жауапқа тартылады", - делінген жауапта.

    "Күдікті 47 жастағы көршісі": Алматыда жасөспірім пышақ жарақатын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.