jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Instagram-да тікелей эфирде Land Cruiser ойнатқан шымкенттік әйел сотталды

    Смартфондағы әлеуметтік желі қолданбалары. Көрнекі сурет
    Смартфондағы әлеуметтік желі қолданбалары. Көрнекі сурет. Фото: Jonathan Raa/NurPhoto via Getty Images

    Шымкентте Instagram әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    ҚМА ақпаратынша, қала тұрғыны "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясысыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде "ЛОТО" ойнатқаны анықталды.

    "Лотерея ұтысы ретінде Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды. Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды", - делінген хабарда.

    Сонымен қатар ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге).

    Ал сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған.

    2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты.

    Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

    Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Instagram-да тікелей эфирде Land Cruiser ойнатқан шымкенттік әйел сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.