jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда никаб киіп, "қаруланған" қыздар жұрттың үрейін ұшырды

    Паранжа (сол жақта) және никаб (оң жақта) киген әйелдер
    Паранжа (сол жақта) және никаб (оң жақта) киген әйелдер. Фото: AHMAD SAHEL ARMAN/Getty Images

    Ақтауда никаб киіп, "қаруланған" қыздар жұрттың үрейін ұшырды. Кейінірек олардың TikTok желісіне видео түсіріп жүргені анықталды. Жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, редакцияға қала тұрғыны хабарласып, 26 шілде күні жолдасымен мейрамханадан үйге қайтып келе жатқанын айтқан. Олар күтпеген жерден никаб киіп, "автомат ұстаған" екі қызды көрген. Оқырманның сөзінше, қыздар автоматтан "оқ атып", күле бастаған.

    Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Құқыққорғаушылар қала көшелерінде ойыншық автоматпен жүрген екі қыздың видеосын TikTok желісінен анықтағалды. Олардың тұлғасы да расталды.

    "Тексеріс барысында аталған фактіге қатысы бар тұлғалар ұсталып, полицияға жеткізілді. Ақтау қаласының 15 жастағы тұрғыны 26 шілде күні шамамен 22:30-да 17 жастағы құрбысымен кездескен. Олар көңіл көтеру мақсатында "Ақбота" саябағынан ойыншық автомат сатып алған. Олар өзін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жүктеген", - деді полиция өкілдері.

    Өңірлік ПД өкілдері қыздардың ата-анасын жауапқа тартты.

    "Жасөспірімдердің заңды өкілдері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз үйден тыс жерде жүруі, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді, қыздар профилактикалық есепке қойылды", - деп хабарлады ведомстводан.

    Ақтауда никаб киіп, "қаруланған" қыздар жұрттың үрейін ұшырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.