"13 адамның үстінен іс қозғадық": Лепеха қызылордалық жасөспірімді жезөкшелікке тарту ісіне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары сексуалды құлдыққа түсіру бойынша қылмыстық істің қалай тергеп-тексеріліп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
ІІМ вице-министрі ол істе 13 адамға қатысты іс қозғалғанын жеткізді.
"Олардың 11-і қамауда, 2-і үй қамаққа алынды. Бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мен бұдан артық түсініктеме бере алмаймын, өйткені қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыреті", - деді Лепеха сенатта.
Лепеха ұсталғандардың қаншасы кәмелетке толмағандар екенін айтпады.
"Тергеу жүріп жатыр. Біз бәрін тексереміз, оны айта алмаймын",- деді Лепеха.
Сондай-ақ оның қызметін алғандарға қатысты бәрін тексеретінін айтты.
"Жезөкшелік қызметін тұтынғандар жауапкершілікке тартыла ма? Олардың арасында ҰҚК қызметкері бар екен деп ж атыр"- деп сұрады БАҚ өкілдері.
"Бәрі тексеріледі",- деп жауап берді вице-министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2163363-13-adamnyng-ustinen-is-qozgadyq-lepeha-qyzylordalyq-zhasospirimdi-zhezokshelikke-tartu-isine-qatysty-pikir-bildirdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде