jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

    Судья
    Судья. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыстың үкімі оқылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сот талқылауы жабық түрде қаралды. Тағылған айып жас баланың берген айғақтарымен дәлелін тауып, күш қолдану арқылы зорлық жасағаны сотпен анықталды.

    Іс материалдарына сүйенсек, 1978 жылғы сотталушы Байғанин ауданының тұрғыны. Жұмыссыз, үйленген.

    "Б. Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған педагогикалық лауазымда және кәмелетке толмағанмен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін", - деді судья.

    Сот жәбірленуші өкілінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, сотталушыдан 5 млн теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді міндеттеді.

    Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 91-бабы 1-бөлігі 4-тармағы, 98-бабы 2-бөлігі негізінде сотталушыға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде психикалық емдеу тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ақтөбеде жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.