jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда автобус 5 жасар баланы қағып кетті

    Кішкентай бала
    Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматыда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кішкентай баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы Almaty LIVE арнасында пайда болды.

    Алматы полиция департаменті өкілі NUR.KZ тілшісіне ақпаратты растады.

    "Жол апаты Алматы қаласының Бостандық ауданында сағат 14:05-те болды. Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан автобус Айманов көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан 5 жасар баланы соғып кетті", - делінген жауапта.

    Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді, тергеу жүріп жатыр.

    Еске салсақ, Петропавлда 17 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолағында жүк көлігі қағып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Петропавлдағы Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында болған. 

    Алматыда автобус 5 жасар баланы қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.