jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұмыс істеп жатырмыз": Бас прокуратура өкілі Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысын іздестіру туралы айтты

    LRT тіреуіштері
    LRT тіреуіштері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Astana LRT ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы неліктен әлі табылмағанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Журналистер бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен Astana LRT ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданды құқық қорғау органдарының қызметкерлері неліктен таппағанын, Қазақстанға қайтара алмай жүргенін сұрады. БАҚ өкілдерінің айтуынша, ол жасырынып жүрген жоқ, әлеуметтік желіде түрлі фотоларын жариялаған.

    "Дұрыс түсініңіз, кей жасырынған азаматтарды тез тауып, экстрадициялаймыз. Кей іс бойынша жұмыс бір, екі немесе үш жылға созылуы мүмкін. Бірақ іздестіру тоқтаған жоқ.

    Шетелде жасырынып жүрген адам сот төрелігімен ертелі-кеш табылып, елге қайтарылып, жазасын алады. Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз көрмей қалатындай ештеңе жоқ", - деп сендірді ол.

    Айта кетейік, Талғат Арданды Антикор тамыз айында жауапқа алуға шақырған болатын.

    "Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Т. Ардан әрекеттерін Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады", - делінген хабарламада.

    Кейін Антикор ресми өкілі Astana LRT экс-басшысы сотқа келмегенін айтқан еді.

    "Жұмыс істеп жатырмыз": Бас прокуратура өкілі Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысын іздестіру туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.