jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

    Күдіктіге кісен салу
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы қаласында Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

    "2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы қаласында Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алған деген күдікпен ұстады.

    Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

    Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.