jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Атыс болған сыңайлы": Алматы полициясы түнде болған оқыс оқиғаға қатысты мәлімет берді (видео)

    Алматыдағы оқыс оқиға
    Алматыдағы оқыс оқиға. Видеодан алынған кадр:: t.me/kris_p_almaty_kz

    Интернетте Алматы қаласындағы түнгі барлардың бірінде таңға жақын атыс болған сыңайлы деген ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қаласындағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында таңға жуық болған оқыс оқиға туралы видео Kris_p_almaty Telegram-арнасында жарияланды.

    "22 желтоқсан таңғы сағат 04:34 шамасында BarLand маңында атыс болған сыңайлы. Анық-қанығы текеріліп жатыр", - дейді видео авторы.

    Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

    "Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

    Ал атыстың расымен болған-болмағанын полициядағылар нақтыламады.

    Ескерту: Видеода балағат сөздер кездеседі!

    "Атыс болған сыңайлы": Алматы полициясы түнде болған оқыс оқиғаға қатысты мәлімет берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.