jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте психотроптық затты сақтаған азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Қолына кісен таққан ер адам
    Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

    Шымкентте психотроптық затты сақтаған азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол үшінші мегаполиске бара жатқанда ұсталған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3, 5-тармақтары (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, аса ірі мөлшердегі психотропты затты өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралды.

    Сотталушы 2024 жылдың қаңтар айында Telegram әлеуметтік желісіндегі парақшаға тіркеліп, сол сайттан Астана қаласынан аса ірі мөлшердегі психотроптық затты Алматы қаласына алып келіп, өзінде сақтаған.

    Содан Toyota Camry автокөлігін жалдап, Шымкент қаласына қарай жолға шыққан. Жолда полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, оның жүк салғышын тексеру барысында сөмкеден аса ірі мөлшердегі психотроптық затты тапқан.

    "Прокурор П.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы әрекетін толығымен мойындап, оған жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Сот П.-ны Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3, 5-тармақтарына сәйкес кінәлі деп танып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сот хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енген.

    Шымкентте психотроптық затты сақтаған азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.