jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Еңбек" кәсіпорынының басшылары парамен ұсталды

    Пара алу
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сыбайласқан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Агенттік мәліметінше, "Еңбек" республикалық кәсіпорыны басшыларының "бірнеше рет пара алғаны" анықталған.

    "Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді", - деп хабарлайды жемқорлықпен күрес агенттігі.

    Құзырлы мекеме мәліметінше, күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

    "Еңбек" мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдары түзеу мекемелеріндегі азаматтарды жұмыспен қамтиды. Кәсіпорында әртүрлі бұйымдар тігу, жиһаз шығару, метал мен ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа көптеген өнім өндіру орындары бар.

    "Еңбек" кәсіпорынының басшылары парамен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.